MMA
9 қыркүйек 2022 12:04

"Жерлеу мен жаппай төбелес". UFC-де үлкен жанжал туды

©championat.com

Хамзат Чимаев пен Нейт Диастың жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты өтпейтін болды. БАҚ өкілдерімен әңгіме әдеттен тыс форматта өткен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалпы пресс-конференция диалогқа ауыстырылған. Кейінірек бұған жаппай төбелес себеп болғаны айтылды.

"Жанжалға Хамзат Чимаев пен Кевин Холланд қатысқан, олардың арасында "домино эффектісі" тудырған жанжал болды - төбелеске басқа файтерлер мен олардың қасындағылар да қосылды.

Ариэль Хельванидің айтуынша, Чимаев Холландты кеуде тұсынан тепкен. Содан кейін оқиға Нейт Диаспен жанжалға ұласқан. Кейбір мәліметке қарағанда, оған 100-ге жуық адам қатысқан", - деп жазады "Чемпионат".

 Чимаев өз әрекетін былай деп түсіндірген: "Мен оларға бізбен қалжыңдамаңдар деп айтқанмын. Холланд та, Диас та өзіне тиесіліні алды".

"Бәрі білсін. Мен бұл сайқымазаққа сақалын тегін алуды ұсындым. Мен АҚШ-та бұл қызмет тегін ұсынылатын бірде бір жерді білмеймін! Мен тура айтамын, уәде беремін, оны ұрмайтын едім", - деп жауап берді Холланд.

Орта салмақтағы UFC титулына бұрынғы үміткер, осы жанжалға араласқан бразилиялық Пауло Коста Чимаевты "жерленген" сурет жариялапты.

Кейін Дана Уайт қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын, тәртіпсіздікке қатысушыларға айыппұл салынатынын айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport