"Жеңістерімді қазақ халқына сыйлағым келеді". Рахмонов UFC үздігіне қарсы айқас алдында

25 мамыр 2022 11:08
©UFC

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) YouTube арнасын ашты. Жеңілмеген спортшы бірден алдағы айқасына қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Алдағы жекпе-жекке дайындық қалай өтуде?

- Жаттығу ойдағыдай, қазіргі жиын Алматының тауларында өтіп жатыр. Жекпе-жекке шыққанда білінеді қандай жағдайда екенім. 

- Қазіргі таңда бапкерлеріңіз кімдер?

- Қазіргі таңда DAR Pro Team клубының жеке бапкерлері - Азиз Разыев пен Эдуард Базров. Азизбен соққы техникасын, жалпы жоспар құрамыз. Эдуардпен күрес жағынан. 

- АҚШ-қа қашан аттанасыз?

- Жекпе-жекке бір ай қалғанда, 25 - 26 мамырда. 

- Қазақ халқы және қолдаушыларыңызға айтарыңыз бар ма?

- Қазақ халқына біз сияқты жауынгерлерді қолдап, қуаттағандарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Қолдауларыңызды сеземін, сол үшін қолдан келгенше жұмыс жасап, алдағы жекпе-жектердегі жеңісті сыйлағым келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport