"Жеңісті бразилиялыққа сол үшін ғана берді". Рахмонов төрешілердің Жұмағұловқа қатысты шешімін түсіндірді

14 шілде 2020 09:36
Сурет: UFC©
Шавкат Рахмонов өзге қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне бағасын берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Рахмонов UFC 251 турнирінде жеңісті неге бразилиялыққа бергеніне қатысты өз пайымын айтты. 

"Бәріміз Жалғас жеңді деген ойдамыз. Ол турнирде бірнеше жекпе-жектің шешімі даулы болды. Төрешілер басқаша көреді. Жалғастың есе жібергені өкінішті, бәріміз оған жанкүйер болдық. 

Бірінші раундта базииялық белсенді болды, екіншісінде Жалғас басымдық көрсетті. Үшінші раундқа келгенде трансляция нашарлады, кейін қайта қарадым: бразилиялық бірінші шабуылдап, қыспаққа алуға тырысты, бразилиялыққа жеңісті сол үшін ғана берді деген ойдамын. Бірақ Жалғас көбірек соққы жасады және дәл тиігізіп отырды.

Әр төреші, өзінше көреді. Тағы бір жекпе-жек болды - Элизеу Залески мен Муслим Салихов арасында. Бразилиялық жиі соққы жасады, тіпті, статистика бойынша да жеңді, Жұмағұлов сияқты. Бірақ жеңісті Салиховқа берді. Жалғастың жеңілгені өкінішті, алайда, амал қанша, бұл спорт", - дейді Рахмонов.