"Жеңіске жетіп, сосын қарымта сұрау керек". Жұмағұлов Пайвадан есе қайтару туралы

10 қыркүйек 2020 10:55
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов "События в мире бокса и ММА" атты YouTube арнасына берген сұхбатында UFC-дегі екінші жекпе-жек бойынша жоспарымен бөлісті. 

- UFC-де енді сені қашан көреміз?
- Білмеймін, өзім де күтіп отырмын. Қазан-қарашаға жоспарлап отырмын, қалай бергеніне байланысты. Мен ғой дайынмын.  

- Қарсылас ұсынылды ма?
- Әзірге жоқ, ешкімді ұсынбады. Мен де күтудемін.

- UFC-де сонымен ғана шыққың келетін қарсылас бар ма?
- Тезірек мықтылардың бірімен кездесу өткізгім келеді. Сосын әрине, Пайвамен қарымта керек. Қазір алдағы кездесуде жеңіске жетіп, сосын барып қарымта сұрау керек. 

Жұмагұлов шілдеде Абу-Дабиде өткен турнир аясында UFC-де алғаш рет жұдырықтасып, бразилиялық Раулиан Пайваға төрешілердің даулы шешімімен есе жіберді.