Жеңсе де жеңілгеннен аз. Қазақстандық файтер қыз UFC-дегі алғашқы жекпе-жек үшін қанша алғаны жарияланды

16 маусым 2020 11:27
Сурет: newsbreak.com
Қазақстандық файтер қыз Мария Агапова UFC промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші раундтан асырмады. Қазақстандық файтер қыздың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мәліметіне сүйенсек, Агапова бұл кездесу үшін 20 мың доллар (жеңгені үшін үстеме 10 мың) алған, ал оның қарсыласы Сайферске 35 мың доллар (сомма демеушілер мен үстеме төлемдерсіз көрсетілген) тиген.

Мұның алдында, қазақстандық қызға UFC осы кештегі ең мықты жекпе-жек үшін қосымша 50 мың доллар төлейтінін хабарланған. 

АҚШ-та қазақстандық файтер қызды тарихқа енген чемпионның ізбасары деп атады