MMA
11 тамыз 2017 15:46
 
Жеңілсем де жігерім жасыған жоқ - Қайрат Ахметов

  Пікірлер

blog.share

Жеңілсем де жігерім жасыған жоқ - Қайрат Ахметов

Өткен аптаның аяғында Макаода ережесіз жекпе-жектен ONE FC нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Қайрат Ахметов бразилиялық Адриано Моарештен ұтылып, алтын белбеуден айырылып қалған болатын.

Арада бірер күн өткеннен кейін «Қазақ» деген лақап атпен танылған қандасымызға телефон шалған едік. «Осы жекпе-жекке жақсы даярланған едім. Бабымда да жаман емес. Бірақ бәрі мен ойлағандай болмады. Көздеген мақсатыма қол жеткізе алмай, жеңілістің кермек дәмін таттым. Бұл сәтсіздіктің себебін айту қиын. Бәлкім, ұзақ уақытқа созылған үзіліс өзінің кері әсерін тигізген болар. Дәл осы спортшымен 2015 жылдың қараша айында күш сынасып, сол кезде мен жеңіске жеттім. Соның нәтижесінде ONE FC нұсқасы бойынша чемпиондық атақты иелендім. Алайда сол бәсекеден кейін екі жылға жуық уақыт бойы айқас алаңына шықпадым. Бұл – менің кінәм емес. Аталмыш ұйым жақсы бір жекпе-жек ұйымдастыра алмады. Айтар берсек, әңгіме көп. Оны қазбалай берудің еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Өткен іс өтті. Бірақ бұл жеңіліс менің жігерімді жасыта алған жоқ.  Күш-қуатым әлі де бойымда. Алдағы уақытта жарқын жеңістеріммен өз жанкүйерлерімді қуантуға тырысамын», – деп ақтарыла сөйледі.

Кезінде грек-рим күресін серік етіп, кейіннен ережесіз жекпе-жекке ауысқан бұл жігіттің жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. Қайрат өзінің спорттық карьерасында сол күнге дейін бірде-бір рет жеңілген емес. Кәсіпқойлар арасында 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында басымдық танытты. Әр жеңісінен кейін «Қара жорға» билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Алайда үлкен спортта жеңіс пен жеңілістің қатар жүретіні белгілі ғой. Ең бастысы, бұл жеңіліс қазақтың қайсар ұлының жігерін жасыта алған жоқ. Осы сәтсіздіктен ол тиісті қорытынды шығаратынына сенімдіміз. Олай болса, Қайрат Ахметовтің әлі талай дүбірлі додаларда атой салатынына қылаудай да күмәніміз жоқ.

Жарнама

Живи спортом!