"Жеңілсе UFC-ден кете ме?". Менеджер Жұмағұловтың алдағы кездесуі жайлы

27 сәуір 2022 16:35
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың менеджері Саят Әбдірахманов отандасымыздың америкалық Джефф Молинаға қарсы жекпе-жегі қаншалықтың маңызды екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 4 маусым күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Әзірше Жұмағұловтың UFC ұйымындағы көрсеткіші керемет емес. Ол төрт кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үш рет жеңілді. Көптеген сарапшылардың айтуынша, егер алдағы кездесуде Жалғас жеңілетін болса, онда UFC ұйымынан шығып қалуы мүмкін. 

- Алдағы кездесу Жұмағұлов үшін шешуші бола ма? Әлде ол UFC ұйымында келісімшартының соңына дейін жүре ме?

- Келісімшарт бойынша Жалғаста әлі үш айқас бар. Жаңа жасалған келісімшарт бойынша бұл оның екінші кездесуі болады. Сондықтан қазірге Жұмағұловқа артық қысым түсірудің қажеті жоқ. Әрбір кездесу маңызды. Әр жекпе-жекте файтер өзінің мықты екенін дәлелдеу керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport