MMA
21 қазан 2021 20:37
 
Жеңіліс көрмеген Нурмагомедов қарсыласын менсінбеді

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліс көрмеген Нурмагомедов қарсыласын менсінбеді ©Спортшының инстаграм парақшасынан алынды

Ресейлік ММА шебері Усман Нурмагомедов (12-0, 7 КО) Bellator 269 турнирінің алдында қарсыласы жайлы пікір білдірді. Мәскеуде өтетін кеште жеңіліс таппаған Нурмагомедов финляндиялық Патрик Пиетиламен (12-7) айқасады.

"Мен өз жерімде, өз үйімде айқасамын. Сондықтан атақ дәрежесі бар қарсыласпен шығуым керек еді. Әрине, қазіргі қарсыласыма құрмет көрсетемін. Бірақ мен одан анағұрлым мықтымын. Маған ұсыныс тастады, амал жоқ келісімімді бердім. Енді келесі жолы ұйымдастырушылар маған мықты спортшы тауып береді деген ойдамын", - дейді ММА өкілі.

Еске салайық, Усман Нурмагомедов белгілі Хабиб Нурмагомедовтың туысқан бауыры болып келеді. Кәсіпқой карьреасында аралас жекпе-жек өнерінің қыр-сырын көкесі Абдулманап Нурмагомедовтан үйренген.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!