Жеңіліс көрмеген қазақ файтері Азиядағы ең мықты промоушеннің бірінде жұдырықтасатын болды

17 тамыз 2021 09:10
Сурет: ainews.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әли Қабдулла (6-0) Азиядағы ең ірі промоушендердің бірі - UAE Warriors ұйымымен келісімшартқа отырды. 

Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісі арқылы хабарлады.

"Араб әмірліктеріне бет алдық. Мұндай мүмкіндік үшін Саят Әбдірахмановқа бөлек құрмет білдіремін", - деп жазыпты Әли. 

25 жастағы Әли жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Кейінгі жекпе-жегін ол Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC лигасында өткізіп, Имран Жулаговты (11-4) қылғындыру әдісімен жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: