Жеңіліп көрмеген қазақтың келесі қарсыласы белгілі

10 қаңтар 2023 11:14
©Оctagonleague

Қазақстандық файтер Азат Мақсұмның (15-0) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы Азат Octagon 39 турнирі аясында жеңіліп көрмеген бразилиялық Фабрисио Нуньеспен (8-0) кездеседі. Турнир 21 қаңтар Алматыда өтеді.

Айта кетейік, Азат аралас жекпе-жек, джиу-джитсу және еркін күрестен спорт шебері. ММА-де ол 15 жеңістің он бірін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: