Жеңіліп көрмеген қазақ франциялық чемпионды бір соққымен есінен тандырды

19 наурыз 2021 10:58
Азат Мақсұм. Сурет: Octagon League©️

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм Brave промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін жеңістен бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең жеңіл салмақтағы жеңілмеген қазақстандық Бахрейнде өткен турнирге қатысты. Оның қарсыласы Микаэль Алжаружа бұрын франциялық 100% Fight лигасының чемпионы болған. Жекпе-жек 58,5 келі аралық салмақта өтті. 

Үш раундқа есептелген жекпе-жектің соғы раундында Азат қарсыласын нокаутқа түсірді.

Қазақ спортшы осымен 12 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал қарсыласы карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр. 

Метки: