Қазақстандық файтер Азат Мақсұм Brave промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін жеңістен бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ең жеңіл салмақтағы жеңілмеген қазақстандық Бахрейнде өткен турнирге қатысты. Оның қарсыласы Микаэль Алжаружа бұрын франциялық 100% Fight лигасының чемпионы болған. Жекпе-жек 58,5 келі аралық салмақта өтті.
Үш раундқа есептелген жекпе-жектің соғы раундында Азат қарсыласын нокаутқа түсірді.
Қазақ спортшы осымен 12 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал қарсыласы карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр.