Жеңіліп қала жаздаған Чимаев мінез арқасында рекордын сақтап қалды

10 сәуір 2022 11:34
©UFC

Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) UFC 273 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернс (20-5) пен тегі шешен шведциялық Хамзат Чимаев (11-0) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

Бірінші раундта Чимаев жеңіске жақын болды, дегенмен, қарсыласын жыға алмады. Ал екінші раундта керісінше, Бернс қарсыласын құлаттты, алайда, Хамзат бұл қысымға шыдады. 

Үшінші раундта қарсыластар белсенділігін жоғалтқан жоқ. Чимаев қысым жасап отырды, алайда, Бернс екініші нөмірмен жұмыс істесе де қауіпті соққылармен жауап қайтарып отырды.

Чимаев бұл айқаста жеңіліп қала жаздағанын айта кету керек, дегенмен, мінез танытып, төрешілер шешімімен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport