Ертең, 17 наурызға қараған түні жеңіліп көрмеген қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай ауыр салмақтағы қазақ файтердің қарсыласы бразилиялық Брендсон Рибейро (16-7-0-1) болады.
Лас-Вегастағы турнирде жалпы 13 жекпе-жек өтеді: жетеуі турнирдің ашылуына, ал алтауы - басты айқастар. Дияр негізгі кардағы екінші жекпе-жекте жұдырықтасады. Ол октагонға Чхве Сын У (11-7) мен Кевин Вальехос (14-1) арасында көтеріледі.
Диярдың UFC-дегі айқасын қайдан және нешеде тамашалай аласыз?
Басты кард 04:00-де басталады, ал Нұрғожай - Рибейро айқасы Қазақстан уақытымен 04:30-ға жоспарланған. Жекпе-жекті тамашалаудың бірнеше жолы бар:
Setanta Sports 2 арнасының эфирінде;
"Матч ТВ арнасының эфирінде";
"Матч! Боец" арнасының эфирінде;
UFC Fight Pass ақылы трансляциясы;
"Яндекс Плюс" қосымшасының "Кинопоиск" спорт бөлімінен ақылы түрде;
Setanta Sports ақылы трансляциясы арқылы.
Жарнама