Жеңілмеген қазақ спортшысы Хабибтің промоушенімен келісімшарт жасады

5 қаңтар 2021 14:19
Руслан Сариев. Сурет: lada.kz
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Руслан Сариев (12-0) Eagle Fighting Championship ұйымымен келісімшарт жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл промоушеннің қожайыны - жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Сариев EFC ұйымымен төрт кездесуге келісімшарт жасапты. 



Айта кетейік, Сариев өзінің келесі кездесуін 22-ақпан күні Мәскеуде өткізеді. Оның қарсыласы Мансур Малачиев (8-0) болады. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақта EFC ұйымының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. 

Еске салайық, бұған дейін EFC лигасымен Жасұлан Әкімжан (5-2) деген отандасымыз келісімшарт жасады. 






Метки: