Жеңілмеген қазақ спортшы бразилиялық қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды

22 тамыз 2021 11:06
Сурет: fightbookmma.com

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Азат Мақсұм Алматыда өткен Brave турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы бразилиялық Флавио де Керро болды. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын, алайда, Азат қарсыласын бірінші раунда есінен тандырды.

Осылайша, 26 жастағы қазақ спортшы осы лигада қатарынан екінші рет жеңіске жетті, ал жалпы ММА-де ол 13 жекпе-жегінің бәрінде басым шыққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport