Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Азат Мақсұм Алматыда өткен Brave турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы бразилиялық Флавио де Керро болды. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын, алайда, Азат қарсыласын бірінші раунда есінен тандырды.
Осылайша, 26 жастағы қазақ спортшы осы лигада қатарынан екінші рет жеңіске жетті, ал жалпы ММА-де ол 13 жекпе-жегінің бәрінде басым шыққан.