Жеңілмеген қазақ нокаутшы Хабибтің лигасында айқын жеңіске жетті

18 қазан 2021 10:04
©EFC

Жартылай ауыр салмақтағы жеңілмеген қазақ файтер Дияр Нұрғожай (7-0) Сочиде өткен Eagle FC 42 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Arlan MMA Pro Team командасындағы 24 жастағы нокаутшы ресейлік Магомед Магомедовтен (12-4) басым түсті. Үш раунд қорытындысы бойынша барлық төреші жеңісті Диярға берді.

Бұл қазақ спортшының жеті кездесуіндегі жетінші жеңісі және төрешілер шешіміне сүйенген алғашқысы. Ал 30 жастағы Магомедов карьерасында төртінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Дияр карьерасында бірінші рет бір раундтан артық жұдырықтасты. Ол айқастарының бәрін алғашқы раундта аяқтайтын - төрт нокаут және екі сабмишен. Нұрғожайдың осыған дейінгі ең ұзақ жекпе-жегі үш минут 12 секунд болған еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: