Единоборства
21 желтоқсан 2020 08:45

Жеңілмеген қазақ файтер шешенстандық қарсыласын екінші раундта берілуге мәжбүр етті

 Жартылай жеңіл салмақта жеңілмеген қазақстандық Әли Қабдолла (6-0) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен EFC 31 турнирінде кезекті жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Arlan MMA Pro Team командасындағы 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы ресейлік Имран Жулагов (11-4) болды. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Әли қарсыласын тұншықтыру әдісіне салды, ал шешенстандық қарсылас берілуге мәжбүр болды. 

"Осы жеңісті Тәуелсіздік күніне арнаймын, сонымен бірге, Arlan MMA Pro Team және Tobet Top Team командаларына алғыс білдіргім келеді. Белбеуге дейін жеткім келеді", - деді Әли жеңісінен соң.