Жеңілгенін мойындамады. Өзбек пен қазақтың Naiza турниріндегі айқасы жанжалға ұласты

26 тамыз 2022 09:22
©Naiza FC

Қазақстандық файтер Санжар Тәжиев Алматыда өткен Naiza Fighting Championship 42 турнирінде өзбекстандық Амирхон Алиходжаевтен мерзімінен бұрын жеңілді. Ал жекпе-жектің арты жанжалға ұласты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айқас үш раундқа есепелген болатын, бірақ, біріншісінен кейін қазақ файтер ары қарай жұдырықтасудан бас тартты. Себебі ол білегін жарақаттап алды. Ал төрешілер жеңімпаз ретінде өзбек спортшының қолын көтергенде сегіз бұрыш ішінде жанжал туды. Осыдан кейн файтерлердің өздері не болғанын айтып, қарымта туралы да сөз қозғады. 

"Жақсы файтер. Ол арандатушылық көп жасады. Жаман айтпай-ақ қояйын. Тағы бір жекпе-жек күтемін. Тіпті көшеде де төбелесуге дайынмын. Бірден қарымта сұрадым, береміз деп уәде етті. Қарашада. Жекпе-жектен кейін ол маған айқайлай бастады. Ол нокаутпен емес, сабмишенмен жеңді. Мен жарақат алып қалғандықтан жеңді. Ондай жеңіске қалай қуануға болады? Екіншісі, маған Махмуд келіп, қысып көтеріп алды. Олар қонақ, біздің елде неге өзін олай ұстайды. Білегімде жарақат болатын, тағы сол жерім кетті. Анамды қуантайын деп едім, өкінішті", - дейді Тәжиев. 

Ал өзбекстандық спортшы өз көзқарасын білдірді. 

"Қарсыласым тік тұрып жұдырықтасуда мықты болады деп ойладым. Жақсы қозғалды, бірақ, мықты жағын көрмедім. Соққыларын сезбедім. Маған қарымта қызық емес. Алдымен бір-екі айқас жеңіп алсын. Егер лигаға қызық болса. Ал ол жерде не болды? Адам деген жеңіске жетті, қолымды көтерді. Ал Санжар айқайға басты. Сондықтан оны көтеріп алып кетті, жанжалды үдетпеу үшін. Мен жеңілу деген не екенін білемін, өзіңді лайықты ұстай білу керек", - дейді Амирхон. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: