Жеңілген қарсыласынан екі есе аз. Шакат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісі үшін қанша алғаны белгілі

28 маусым 2021 10:15
Сурет: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде 28 000 мың доллар табыс көрді, - деп хабарлайды "Вестник MMA" телеграм-арнасы.

Бұл сомма келесідей төлемдерден құралады: 12 000 - жекпе-жек үшін, 12 000 - жеңіс үшін және 4 000 - кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі. Ал бразилиялық Мишель Празерис 61 мың доллар табыс алады: 50 000 - жекпе-жек үшін, 11 000 - кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі.

Еске салайық, Рахмонов бұл ұйымдағы екінші жекпе-жегінде Празеристі екінші раундта жеңген болатын. Бразилиялық карьерасында алғаш рет жеңілді.