Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде 28 000 мың доллар табыс көрді, - деп хабарлайды "Вестник MMA" телеграм-арнасы.
Бұл сомма келесідей төлемдерден құралады: 12 000 - жекпе-жек үшін, 12 000 - жеңіс үшін және 4 000 - кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі. Ал бразилиялық Мишель Празерис 61 мың доллар табыс алады: 50 000 - жекпе-жек үшін, 11 000 - кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі.
Еске салайық, Рахмонов бұл ұйымдағы екінші жекпе-жегінде Празеристі екінші раундта жеңген болатын. Бразилиялық карьерасында алғаш рет жеңілді.