MMA
12 наурыз 2022 19:33

Жекпе-жексіз 9 ай. Ауыр салмақта UFC чемпионы операция жасатады

©UFC

Аса ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Фрэнсис Нганну жуырда тізесіне операция жасатады. Бұдан кейін ол 9 ай жекпе-жек өткізе алмайды, деп жазады ESPN US порталы. 

Операция 18 наурызға жоспарланған. Нганну Камеруннан АҚШ-қа келген соң бірден емханаға жатады. Фрэнсис тізе жарақатын франциялық Сириль Ганмен өткізген кездесуде алып қалды. 

Еске салайық, осыған дейін Нганну қазіргі келісімшарты бойынша UFC ұйымында төбелеспейтінін айтқан еді. Бұрнағы күнгі келісімшарты бойынша ол әр кездесуне 500 не 600 мың доллар алады. Ал жаңа келісімшартта ол бокс кездесулеріне қатысу құқығын талап етіп отыр. Себебі, онда сыйақы әлдеқайда көп. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport