Жекпе-жекке бір күн қалғанда Қуат Хамитовтің қарсыласы ауысып кетті

24 қыркүйек 2020 20:16
Сурет: the-steppe.com©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов 25 қыркүйек күні Мәскеудегі "Мир" концерт залында өтетін Fight Nights Global 98 турнирінде өнер көрсетеді. 

Әу баста негіщі отандасымыздың қарсыласы ресейлік Олег Косинов (7-5) болуы керек еді. Бірақ бүгін Хамитовтің қарсыласы ауысып кетті. Енді ол басқа бір ресейлік спортшы Ахмад-Хан Боковқа қарсы шығатын болды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасына жариялады. 

Дегенмен Fight Nights Global және Sherdog сайттарында Хамитовтың қарсыласы әлі Косинов болып тұр. 

Алдағы кездесу 32 жастағы қазақстандық спортшы үшін 2019 жылдың сәуір айынан кейінші бірінші жекпе-жек болмақ. Соңғы кездесуінде ол әзірбайжандық Нариман Аббасовпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. Жалпы Хамитов соңғы рет 2016 жылдың желтоқсан айында жеңіске жеткен болатын. 




Метки: