Жекпе-жек кезінде Конор Хабибтен кешірім өтінген
Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жек кезінде не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп жазады Eurosport .
Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жек кезінде не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп жазады Eurosport .
Порталдың мәліметінше, үшінші раунд соңында спортшылар арасында дау шыққан.
"Дәл қазір сөйлесейік. Дәл қазір. Сөйлесейік", - деп айғайлаған Нурмагомедов. Ал МакГрегор оған жауап ретінде "Бұл тек бизнес" деп айтқан.
"Мен де солай ойлағанмын", - деген Хабиб.
Разговора Хабиба и Конора во втором раунде:
— Спорт БО (@Sport_BO) 9 октября 2018 г.
????Хабиб: «Давай поговорим сейчас.
Говори. Давай поговорим сейчас. Давай поговорим»
????Конор: «Это всего лишь бизнес»
????Хабиб: «Эй. Давай поговорим» pic.twitter.com/7mP859jIir
Twitter желісі қолданушыларының бірқатары МакГрегордың бұл сөзін кешірім сұрау деп бағалады.
"Конор МакГрегор жекпе-жек кезінде Хабибтің алдында кешірім сұрағанға ұқсайды", - деп жазыпты Mr. Gonzales атты қолданушы.
"МакГрегорден "бұл жай ғана бизнес" сөзін жеңілгеннен кейін есту қызық екен. Сайқымазақ екенсің, таяқ жегеніңе қуаныштымын!", - деп жазыпты Ty LaBarge.
"МакГрегор" Нурмагомедовтың үстінен Уфа полициясына арыз жазды
Еске салайық, Нурмагомедов төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды.
Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелеске себепкер болды. Жағдайға күзет пен полицияның араласуына тура келді. Осыдан кейін Нурмагомедовке гонорарды төлеу шегерілді және ол белбеуден де айырылуы мүмкін.
Жарнама