UFC-де өнер көрсететін өте жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін алдағы жылы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC-дегі екінші жекпе-жегін Асу 9 наурыз Майамиде UFC 299 турнирінде өткізеді. Қарсылас америкалық Си Джей Вергара болады.
Алмабаев UFC-де алғашқы жекпе-жегін биыл тамызда өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды мерзімінен бұрын жеңді. Бірақ қыркүйек айының соңында Алмабаев жарақат алып қалған болатын.
Алмабаевтың екінші жекпе-жегі туралы оның ісін жүргізетін First Round Management компаниясы хабардар етіп отыр.