Жекпе-жек Алматыда болмайды. Қуат "Найман" мәлімдеме жасады

23 маусым 2021 16:18
Сурет:instagram.com/mergenfcmma/

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов (21-7-1) алдағы күзде Алматыда өтеді деп жоспарланған жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екі апта үзіліс алып, одан кейін келесі жекпе-жекке дайындықты бастаймыз. Қарсылас сол баяғы, бірақ, кедесу орны басқа", - деп жазды "Найман" өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы қыркүйекте Хамитов ресейлік Мариф Пираевпен Алматы қаласында жекпе-жек өткізеді деп хабарланған болатын. Кездесуді AMC Fight Nights промоутерлік компаниясы өткізеді. 

Атырауда өткен соңғы жекпе-жегінде Хамитов украиналық Роман Головинді (10-5) бірінші раунда "тұншықтырып" жеңген еді. 

Метки: