"Жайпап келеді". Шавкат Рахмонов UFC-ді "жауып тастайтыны" айтылды

28 наурыз 2022 07:42
©UFC

АСА лигасының файтері Артем Резников ММАТИКА ютуб арнасына берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі карьерасына қатысты пікірін білдірді.

Шавкат Рахмонов UFC-ден кету туралы сөз қозғады

"Шавкат Рахмонов, өте сауатты спортшы, ақылды. ММА-де бұл басымдық береді. Шахмат секілді ғой. Мен біразға баратынын білдім, бірақ, осылай шыға салып қарсыластарын кезектеп құлатады деп ойламаппын.

ТМД елдерінің әр файтері UFC промоушенінде жұдырықтасқысы келеді. Неге? Ол жерде асып бара жатқан ештеңе жоқ екенін көрсету үшін. Конор МакГрегор сондай бір керемет емес десеңіз, бірден хейтерлер шыға келеді. Саған айтатындары: "Барып емдел". Ал ТМД елдерінен шыққан жігіттер бәрін жайпап келеді. Мәселен, Петр Ян. Бәрін жайпауда. Анкалаев, Махачев. Әр салмақта ТМД елдерінен екі-үш жігіт бар, солар мықты өнер көрсетуде. Егер әр салмақта он шақты жігіттеріміз болса, онда UFC жабылып қалар", - дейді Резников.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport