Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (16-9) жақын арада октагонға оралуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.
Жұмағұлов X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жаттығу видеосын жариялап, UFC матчмейкері Мик Мэйнардқа үн қатты:
"Жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда айқасқа шығу мүмкіндігі:
Мен:
Маған сенсең болады, Мик Мэйнард", - деп жазыпты Жұмағұлов телефон бейнеленген эмодзиді қоса бекітіп.