MMA
23 қыркүйек 09:41

Жатқызып алып ұрып тастады. Қазақ пен өзбек файтердің айқасы нокаутпен бітті

©Видеодан кадр

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Naiza 67 турнирі өтті. Бұл кеште қазақстандық файтер Шыңғыс Камал (3-0) мен өзбекстандық Олим Тиллаев (2-3) айқасты. 

Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын, алайда Шыңғыс бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, қазақстандық кәсіпқой карьерасында төртінші жеңісіне жетті. Ал Тиллаев болса төртінші рет жеңіліп отыр. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport