Жас спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

17 қараша 2022 17:26
©olympic

Қазақстандықтар Арсылан мен Арсен Берік Абу-Дабиде (БАӘ) өткен джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Арсылан Берік 24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіске жетті. Арсен Берік 20 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Жас спортшылар санаттарында марапаттар үшін АҚШ, Канада, Франция, Ирландия, Ұлыбритания, Кувейт, Сауд Арабиясының өкілдері өнерін көрсетті.

"Болашақта джиу-джитсу Олимпиада бағдарламасына қосылуы мүмкін. Сондықтан мен осы спорт түріне белсенді қатысып, өз елімнің намысын қорғағым келеді", - деп атап өтті Арсылан.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport