"Жартылай орта салмақтың үздігі". Америкалық файтер Рахмонов туралы

27 тамыз 2022 15:11
©ca.style.yahoo.com

UFC ұйымында өнер көрсететін америкалық Стивен Томпсон жартылай орта салмақтағы болашағынан үміт күттіретін үздік файтерді айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Томпсонның айтуынша, Шавкат Рахмоновтың промоушендегі болашағы зор екен. 

"Жартылай орта салмақтағы ең үздік проспект Чимаев емес, Рахмонов", - деп келтіреді Томпсонның сөзін  MMA Russia порталы. 

Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы рейтингте Чимаев үшінші сатыда, Томпсон жетінші, ал Рахмонов 11-сатыда тұр. 

Еске салайық, осыған дейін Томпсон Рахмоновтың UFC ұйымының жұлдызы болады деп айтқан да болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport