MMA
24 қараша 09:38

Жарқын жеңістен кейін Алмабаев UFC үздіктері қатарына кірді

©UFC

Қазақстандық Асу Алмабаев (23–3, UFC 6–1) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жеңістен кейін үздіктер қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең жеңіл салмақ лимитінде өнер көрсететін Асудың қарсыласы белбеуге үміткер болған америкалық Алекс Перес (25–10, UFC 7–6) болды.

Үш раундтық жекпе-жек соңғы бес минуттықтың басында аяқталды, сол кезде Алмабаев Пересті гильотина әдсіне алды, ал қарсыласы бұл қысымнан шыға алмай, берілуге мәжбүр болды.

Алмабаев 2023 жылдан бүгінге дейін (Асудың UFC-дегі дебют жылы) дивизиондағы жеңіске ең көп жеткен файтерлер қатарына кірді. 

Оның алдында америкалық Джошуа Ванда ғана тұр – сегіз жеңіс. Асу мен тағы бір америкалық Чарльз Джонсонда алты жеңістен бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport