"Жаратушы жәрдемші болсын". Әйгілі Жан-Клод ван Дамм Хабибтің әкесіне дұға етті

Сурет: w3livenews.com
Голливудтық белгілі әктер және аралас жекпе-жек шебері Жан-Клод ван Дамм жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке әкесінің қайтыс болғанына байланысты көңіл айтты. 

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі неден қайтыс болғаны белгілі болды

Абдулманап Нурмагомедов 57 жасында мәскеулік ауруханалардың бірінде 3 шілдеде көз жұмды. Белгілі бапкерді Дағыстанда жерледі

"Бауырым, сенімен ешқашан жүздескен емеспін, бірақ, өмірілік жолыңды құрметтеп келдім! Көктегі сапарыңда саған дұға етемін. Жаратушы рухыңа жәрдемші болсын. Әмин. Хабиб Нурмагомедовке, отбасына және UFC әлеміне шынайы көңіл айтамын", - деп жазыпты ван Дамм Instagram желесінде.