Единоборства
14 сәуір 2022 08:36

"Жаныңды суырып аламын". Шешен файтер қарсыласына жауап берді

©allboxing.ru

Шведциялық файтер Хамзат Чимаев (11-0) UFC 273 турнирінде жеңілген Гилберт Бернске (20-5) үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чимаев тартысты айқаста Бернстен 29:28 есебімен басым түскен еді.

Осыдан кейін америкалық ESPN телеарнасына берген сұхбатында үш-ақ раунд болғандықтан Чимаевты жеңуге уақыт жетпей қалғанын айтқан еді. Содан кейін бес раунд қажет деп, қарымтаға дайын екенін мәлімдеді. 

"Бес раундты айқаста жаныңды суырып аламын. Көрісерміз, бауырым", - деп жауап жазыпты Хамзат Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport