"Жалқауланбаңыздар!" Хабиб күнделікті физикалық дайындыққа қатысты кеңес берді

28 шілде 2022 16:12
© Eagle FC

Хабиб Нұрмагомедов күнделікті физикалық жаттығуларға қатысты кеңес берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC-дің бұрынғы чемпионы өзінің Instagram желісіндегі оқырмандарын жалқаулықтан арылуға шақырды.  

"Күнделікті. 60 минут - спорт залында кардио. 20 минут - жүру. 20 минут - жүгіру. 20 минут - велосипед. Деніміз жаттығуға мұқтаж. Жалқауланбаңыздар!" - деді Хабиб. 

Естеріңізге сала кетейік, қазір Нұрмагомедов Eagle FC деп аталатын өз лигасын басқарады. Бұл лигада чемпиондық белбеуге жеткен алғашқы қазақстандық Дәурен Ермеков өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport