Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні анықталды

17 қазан 2020 14:59
Сурет: Arlan MMA Pro©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы екінші кездесуін келесі айда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жекпе-жек 25-қараша күні Лас-Вегаста өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы Швеция елінің спортшысы Амир Албази болады. Бұл кездесу туралы отандасымыздың қарсыласы Instagram парақшасында жазды. 

Айта кетейік, екі спортшы да UFC ұйымындағы бірінші кездесуін шілде айында өткізді. Жұмағұлов төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалса, Албази жеңіске жеткен. 





Метки: