Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы қарсыласы белгілі

9 наурыз 2023 16:31
©UFC

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы америкалық Нейт Манес болады. Олардың жекпе-жегі 5 мамырда Ньюаркте (Нью-Джерси, АҚШ) UFC 288 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, Манес ММА-да 17 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жетті. Ал Жұмағұлов UFC-дегі алты жекпе-жекте бір жеңіске жетіп, бес жеңіліске ұшырады. Жалғас үшін бұл UFC келісімшарты бойынша соңғы айқас болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport