Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі белгіленді

©

UFC 34 жастағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі туралы ресми түрде құлақтандырды, деп хабарлайды sports.ru.

Жалғас 6 мамырда Нью-Джерсиде өтетін UFC 288 нөмірлі турнирі аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Нэйт Манесс болмақ. Манесс UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегінде – Умар Нурмагомедов пен Тагир Уланбековтен жеңіліп қалды. Ал бұған дейін ол промоушенде үш жеңіске жетті.

Жұмағұлов болса UFC аясында алты жекпе-жек өткізіп, бір ғана жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. Жалғас үшін Манесспен жекпе-жек UFC-мен келісім бойынша соңғысы болмақ.

UFC 288 турнирінің басты оқиғасы Генри Сехудо мен Алджамейн Стерлинг жекпе-жегі болады. Сонымен бірге, турнирде Чарльз Оливейра мен Бенеил Дариуш жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport