Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

19 қараша 2020 09:54
Сурет: Newsday.com ©

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, Жұмағұлов АҚШ-қа жұмыс визасын әлі ала алмаған. Спортшының өкілдері визаны жылдам алуға тырысып жатыр екен.

Швециялық Амир Албазиге қарсы жекпе-жек 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған еді.

Екі файтер де UFC-дегі алғашқы жекпе-жектерін шілдеде өткізген болатын. Жұмағұлов төрешілер шешімімен жеңілсе, Албази жеңіске жеткен.