Чехиялық Oktagon промоушенінің ең жеңіл салмақтағы чемпионы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов өз титулын алғаш рет қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Прагада өткен Oktagon 81 турнирінің басты оқиғасының бірі болған айқаста Жұмағұлов чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңді. Айта кетейік, бұған дейін екі файтер де UFC-де өнер көрсеткен.
Дәрігерлер Дворжакқа жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермей, ол төртінші раундқа шықпады. Нәтижесінде чехиялық файтер карьерасында жетінші жеңілісіне ұшырады, сонымен бірге, ол 22 рет жеңіске жеткен. Ал Жалғас Жұмағұлов үшін бұл карьерасында 19-шы жеңіс болды, қазақстандық тоғыз рет жеңілген болатын.
Жарнама