Жалғас Жұмағұловтың келесі кездесуінің уақыты мәлім болды

25 тамыз 2022 15:28
©www.instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) 19 қарашадп октагонға қайта оралады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жұмағұловтың бұл жолғы қарсыласы 31 жастағы америкалық Чарьлз Джонсон (11-3) болмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Жұмағұлов cоңғы рет маусым айында Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Vegas 56 (UFC Fight Night 207) турнирде өнер көрсетті. Жекпе-жекте ол Джефф Молинадан жеңіліс тапты. Көптеген БАҚ өкілдері мен ММА журналистері қазақстандықтың жеңілісімен келіспеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport