Аралас жекпе-жектің (ММА) қазақстандық шебері Жалғас Жұмағұловтың (16-9) чехиялық Oktagon лигасында өткізетін алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.
Жұмағұловтың айқасы 9 қараша Братиславада (Словакия) өтеді. Оның қарсыласы уэльстік Аарон Аби (16-9-1) болады.
Еске салайық, Жұмағұлов UFC ұйымында да өнер көрсетіп, 2023 жылы жетінші айқасынан кейін келісімшарты тоқтады (бір рет жеңіп, алты рет жеңілді). Одан кейін Жалғас Naiza лигасында екі айқас өткізді. Кейін UFC ұйымына қайта оралғысы келіп, American Top Team командасымен жаттығып жүрді.