MMA
19 қаңтар 2022 17:08

Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты

©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (14-6) өзінің келесі кездесуін қашан өткізуді жоспарлап жатқанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Соңғы рет отандасымыз 4 желтоқсан күні Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 31 турнирінде анголалық Манель Капеге қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіліп қалды. 

Ал жалпы Жұмағұлов UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетсе, үшеуінде жеңілді. 

"Барлықтарыңызға Ассалаумағалейкум. АльхамдулилЛях, жағдайым жақсы. Дайындалып жатырмыз. Айдың соңында жаттығу жиындарына кетемін. Келесі кездесуге дайындаламын. Рамазан айына дейін жекпе-жек өткізгім келеді. Ал Рамазан кезінде демаламын", - деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, 2022 жылы Рамазан сәуірдің басында басталып, мамырдың басында аяқталады. Сондықтан да Жұмағұлов келесі кездесуін ақпан немесе наурызда өткізуі мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport