Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады

27 қыркүйек 2021 20:57
©UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов келесі кездесуін 4 желтоқсан күні өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы жапониялық Rizin fighting federation ұйымының чемпионы Манель Капе. Бұл Жұмағұлов үшін UFC ұйымындағы жаңа келісімшарты бойынша өтетін бірінші кездесуі болады.

 

Еске салайық, Жұмағұлов соңғы кездесуін шілде айында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, Джером Ривейраны жеңді. Содан соң Жалғас промоушенмен төрт жекпе-жекке жаңа келісімшарт жасады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: