Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC промоушенімен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Күні белгілі, қарсылас белгілі, келісімшартқа қол қойылды. Дайындықты бастадық", - деп жазды Жұмағұлов инстаграм парақшасында. Соған қарамастан, спортшы нақты кіммен және қашан айқас өткізетінін айтпады.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов америкалық промоушенде 2020 жылы дебют айқасын өткізді. Осы уақыт аралығында ол төрт жекпе-жектің біреуінде жеңіске жетті. Соңғы рет АҚШ елінің өкілі Джефф Молинаға есе жіберді.