Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

23 маусым 2020 09:51
Сурет: Arlan MMA©
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі жекпе-жегін асыға күтетінін айтады. 

Жұмағұловтың әлемнің ең мықты промоушенімен келісімшартқа отырғаны туралы ақпанда белгілі болған. Мұның алдында қазақстандық спортшы ресейлік Fight Nights Global ұйымының чемпионы болған. 

Жалғастың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі 11 шілде Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өтеді. Қазақстандық файтердің қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва.

"Осы жекпе-жекке өте асықпын", - деп жазыпты Жұмағұлов Instagram желісінде жекпе-жектің жанкүйерлік афишасын жариялап.