Жалғас Жұмағұлов UFC чемпиондығына үміткер болған файтерді жекпе-жекке шақырды

11 қыркүйек 2020 17:08
Жалғас Жұмағұлов. Сурет: UFC©
Аралас-жекпе жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов амеиркалық Джон Додсонды жекпе-жекке шақырды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Джон, сені жеңіл салмаққа қайта оралады деп естідім. Өз дивизионымда сенімен жекпе-жек өткізгім келеді. Октогонда кездесіп, қыздырайық. Мен кез-келген уақытта дайынмын", - деп келтіреді Жұмағұловтың сөзін MMA Fighters KZ-тің Instagram парақшасы. 



Еске салайық, Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін 12 шілде күні Абу-Дабиде (БАӘ) өткізіп, төрешілер шешімі бойынша бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды. Бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі төртінші жеңілісі еді. Отандасымыз 13 кездесуде жеңіске жетті. 

Додсон болса жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуіне үміткер болған. Бірақ екі рет отандасы Деметриус Джонсонмен кездесіп, екеуінде де жеңіліп қалған. 



Метки: