1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
Бүгін 10:58
 

Жалғас Жұмағұлов титулды айқастан кейін қазақтар туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Жалғас Жұмағұлов титулды айқастан кейін қазақтар туралы мәлімдеме жасады ©

Чехиялық Oktagon промоушенінің ең жеңіл салмақтағы чемпионы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов өз титулын алғаш рет сәтті қорғағаннан кейінгі ойындағысын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Чехиялық Oktagon промоушенінің ең жеңіл салмақтағы чемпионы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов өз титулын алғаш рет сәтті қорғағаннан кейінгі ойындағысын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Прагада өткен Oktagon 81 турнирінің басты жекпе-жектің бірінде Жұмағұлов чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңді. Дәрігерлер шешімімен қарсыласы төртінші раундқа шыға алмады.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық файтер бапкерінің үлесін атап өтіп, тактикалық жоспары туралы айтты:

"Кеше уәде берген едім - сөз аз болды, бірақ, октагон ішінде Big Drama Show жасауға шыққанымды дәлелдедім. Мен бапкерім Артём Левинмен жұмыс істедім және бәрін толық орындадық. Артём, сен - ең үздігісің, бауырым, саған өте ризамын!

Біз оны алдымен шаршатуды жоспарладық, өзімнің де аздап терлеуім керек болды, ал бірінші раундтың екінші минутынан бастап қарқынды күшейтуді көздедік.

Мені әрдайым елім қолдайды, өйткені мен өз елім үшін жұдырықтасамын және қазақтардың кім екенін көрсетемін. Мен бірнеше рет айттым: жасым 37-ге келсе де, біз, қазақтар, 35-тен кейін ашыламыз. Бүгін мен енді ғана қарқын алып жатқанымды дәлелдедім.

Мен салмақ дәрежесін көтеріп, екі салмақта чемпион атанғым келеді".

Айта кетейік, бұған дейін Жұмағұлов пен Дворжак UFC-де өнер көрсеткен. Чехиялық файтер үшін бұл мансабындағы жетінші жеңіліс болды, оның еншісінде 22 жеңіс бар. Ал 19-шы жеңісіне жеткен Жалғас Жұмағұлов, бұрын тоғыз рет жеңілген.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!