Жалғас Жұмағұлов Pound for Pound рейтингінде Хабибтің көш бастағанына қатысты пікір білдірді

28 қазан 2020 12:07
Сурет: Arlan MMA Pro©
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жеңіл салмақта UFС чемпионы Хабиб Нурмагомедовты P4P рейтингінде бірінші болуымен құттықтады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған рейтингте 32 жастағы Нурмагомедов P4P рейтингінде бірінші орынға шықты. Өткен жексенбіде UFC 254 турнирінде Хабиб Джастин Гэтжиді жеңіп, үшінші рет чемпиондық белбеуін қорғады. Жекпе-жектен кейін ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.